Елшінің дипломатиялық корпустың дуайенімен кездесуі туралы

Елшінің дипломатиялық корпустың дуайенімен кездесуі туралы

София, 2023 жылғы 30 қаңтар – Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев қызметке кірісуіне байланысты протоколдық кездесулер шеңберінде дипломатиялық корпустың дуайені, Мажарстан Елшісі Текла Харангозоға сыпайылық сапармен барды.

Сұхбат барысында қазақстандық дипломат Болгариядағы алғашқы әсерімен бөлісті, сондай-ақ ел Президентіне сенім грамоталарын тапсырғанын хабарлады.

Т.Харангозо Қазақстан Елшісін жылы қарсы алып, дипломатиялық корпуста да, жеке байланыстар барысында да оның жұмысына жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар, Болгариядағы жұмыс тәжірибесі, осы жерде аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өзара іс-қимыл ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сұхбаттасушылар қазақстан-мажар қатынастарының
жай-күйі мен даму перспективалары туралы пікір алмасты. Елші В.Темірбаев әріптесін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды.

Кездесу соңында дипломаттар байланыстарды жалғастыру және өзара ынтымақтастық туралы келісті.