
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2023 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетінін хабарлаймыз.
Болгария Республикасының аумағында тұрақты тұратын және уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына сайлау құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беріледі.
Осыған орай, София қаласында Св.св. Кирил және Методий көшесі 37 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 288 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру 2023 жылғы 19 наурызда (жексенбі күні) жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Сайлау күні Сіздерде Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы тиіс (жеке қорғаныс маскасын қолдану ұсынылады).
Сіздерді № 288 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қосу үшін m.aitzhanov@mfa.kz электрондық мекенжайына өздеріңізге қатысты мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі (берілген күні мен жарамдылық мерзімі), Болгарияда тұратын мекенжай, байланыс деректерді (телефон, электрондық пошта) «Сайлау-2023» белгісімен алдын-ала жіберу немесе онлайн сауалнаманы (https://forms.gle/qtif4BGp9UMNxahW6) толтыру бойынша кеңес береміз.
Сіз учаскеңіздің тізіміне енгізілгеніңізді Елшілікке +359-2-862-41-52 телефон арқылы хабарласып тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз Елшілікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.
2023 жылғы 13 наурыздан бастап өз учаскеңізде Сізге сайлауға қатысу құқығы бар азаматтар тізіміндегі өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік сайлау комиссиясына жүгіне аласыз.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу құқығын іске асыруға шақырамыз.
Алдағы сайлау туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайтында орналастырылған (www.election.gov.).