Қазақстан Елшісі Болгария Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

Қазақстан Елшісі Болгария Сыртқы істер министрлігінде сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

       София, 2023 жылғы 16 қаңтар – Бүгін Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Виктор Темірбаев БР Сыртқы істер министрінің орынбасары Костадин Коджабашевқа сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.

        Болгар дипломаты Қазақстан Елшісін жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.

        Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудің өзекті мәселелерін талқылады. Елші В.Темірбаев сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырды.

       Кездесу соңында дипломаттар Қазақстан Елшілігі мен Болгария СІМ арасында екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша тығыз байланыста болуға келісті.