«Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында қазақстандық бұрыштың ашылуы туралы

«Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында қазақстандық бұрыштың ашылуы туралы

София, 2022 жылғы 13 желтоқсан – «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасының ғимаратында қазақстандық бұрыштың салтанатты ашылуы өтті.

Ашылған бұрышта ұсынылған кітаптар Қазақстанның көп ғасырлы тарихы, мәдениеті, әдебиеті мен жетістіктерін көрсетеді.

Сондай-ақ осы іс-шара аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында тақырыптық фотокөрме ашылды.