ҚР Елшісі Т.Ізбастин Благоевград қаласына жұмыс сапарымен барып келді

ҚР Елшісі Т.Ізбастин Благоевград қаласына жұмыс сапарымен барып келді

2020 жылғы 12 ақпанда ҚР Елшісі Теміртай Ізбастин Благоевград қаласына барып, Америка университетінің Президенті Д.Эванспен және аталған университетте оқитын қазақстандық студенттермен  кездесті.

 Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Болгария жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Абай мен Әл-Фарабидің мерейтойларын ҚР студенттермен бірлесе отырып, Америка университетінде тойлау мәселелерін талқылады.