София, 2022 жылғы 19 қазан – Қазақстан Республикасының Елшісі Т.Ізбастин Болгария Республикасының Мәдениет министрі В.Минековпен кездесу өткізді.
Елші Т.Ізбастин Қазақстанда мәдениет саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Өз кезегінде В.Минеков екі елдің мәдениет саласындағы ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.