София, 2022 жылғы 7 қазан - «Св. Климент Охридский» атындағы София университетінің профессоры И.Саръиванованың шақыруымен Қазақстан Елшісі Т. Ізбастин университетте «Түркітану» мамандығын оықытып жатқанына 70-жыл толуына арналған ғылыми конференцияның ашылу салтанатында қатысты.
Іс-шара Болгарияда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерінің, оқытушылар мен студенттердің қатысуымен өтті.
Ашылу салтанатында Университет ректоры А.Герджиков, Елші Т.Избастин, профессор И.Саръиванова сөз сөйледі.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде елордалық университеттің басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамын мерейтойлық іс-шарамен құттықтады, сондай-ақ 2015 жылдан бері қазақ тілі оқытылып келе жатқан София университетінің қабырғасындағы Қазақ тілін, тарихы мен мәдениетін оқыту орталығын қолдап келе жатқаны үшін ерекше алғысын білдірді.