София университетіндегі кездесу туралы

София университетіндегі кездесу туралы

София, 2022 жылғы 28 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Елшісі Т.Ізбастин «Св. Климент Охридский» София университетінің ректоры А.Герджиковпен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында білім беру саласындағы, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылдың ағымдағы мәселелері талқыланды.

Кездесудің соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.