Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 288 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге құқықтық негіз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы № 288  сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

 

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Болгария аумағындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) sofia@mfa.kz немесе a.meiram88@gmail.com электрондық мекенжайларға «Президент сайлауы-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда № 288 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+ 359-2-862-41-52 - учаскенің хатшысы;

+ 359-2-862-41-70;

+ 359-2-862-41-55.