Қазақстан мен Болгария өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Болгария өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуда

София, 2022 жылғы 23 қыркүйек – Қала басшысы А.Байханов бастаған Павлодар қаласының делегациясы Болгарияның көлемі бойынша екінші қаласы – Бургас қаласына барды.

Сапар барысында Бургас қаласының кметі (мэрі) Д.Николовпен екіжақты кездесу өтіп, оның барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. 

Кездесудің басты қорытындысы Павлодар қаласының әкімдігі мен Бургас қаласының мэриясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды, оған сәйкес өңірлер арасында бауырлас байланыстар орнатылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегацияның Бургас қаласына келу бағдарламасына сәйкес Бургас еркін университетіне, Профессор А.Златаров атындағы университетке бару және олардың басшылығымен кездесулер, сондай-ақ Бургас сауда-өнеркәсіп палатасымен және болгар кәсіпкерлерімен іскерлік кездесулер өткізілді.