Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Софияда деректі фильмнің көрсетілімі және брошюраның тұсаукесері өтті

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Софияда деректі фильмнің көрсетілімі және брошюраның тұсаукесері өтті

София, 2022 жылғы 20 қыркүйек – Болгар журналистері одағында қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай деректі фильм көрсетілімі ұйымдастырылып, тақырыптық брошюраның тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин ақынның өмірбаянына, оның өмір жолына және жазылған шығармаларына егжей-тегжейлі тоқталды.

Болгариялық көрермендер мен қазақ диаспорасының өкілдері М.Әуезовтың қазақ әдебиетінің қалыптасуына қосқан тарихи үлесі мен оның жарқын шығармашылығымен танысты.