
Кездесу барысында Қазақстан мен Болгарияның құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастығы бойынша мәселелер талқыланды. Сонымен бірге,
ҚР ішкі істер органдарының жүргізіліп отырған реформалары туралы ақпараттар, соның ішінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың әкімшілік полицияны реформалау және халыққа қызмет көрсету қағидаты бойынша полицияның заманауи фронт-офистерін ашу жөніндегі бастамаларын іске асыру туралы ақпараттар министрге жаң-жақты жеткізілді.
Келіссөздердің арнайы тақырыбының бірі Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың қызметін талқылау болды. Атап айтқанда, ҚР Елшісі орталық туралы ақпараты Министрге хабарлай отырып, орталық қатысушыларының құрамын кеңейту мақсатында, оған кірісу және оның қызметіне қатысу жөніндегі ұсынысты берді.
Сондай-ақ, келіссөздер барысында Болгарияның мемлекеттік органдарымен қарастырылып отырған реадмиссия туралы келісім жобасын пысықтау мәселелері көтерілді.
Өз кезегінде, министр М.Маринов ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастаған реформаларға қатысты оң пікірін білдіре отырып, бұл бастамалардың табысты жүзеге асырылуына тілектестігін білдірді. Оған қоса, Министр Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталыққа кірісу бойынша ұсынысын қарастыратындығын атап өтті. Тараптар реадмиссия туралы келісім жобасын пысықтауды тездету бойынша уағдаластыққа қол жеткізді. 