
2020 жылғы 30 қаңтарда ҚР Елшілігі Болгария Сауда-өнеркәсіптік палатасымен ұйымдастырылған «Болгариядағы шетелдік сауда миссиялары» атты іс-шарасына қатысты.
Аталған іс-шараға Болгарияның Cауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ц.Симеонов, Болгарияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктері, болу елінің түрлі саладағы компаниялары, соның ішінде Қазақстанның инвесторы болып табылатын «HEC.global» Болгария гидроэнергетикалық компаниясының өкілі қатысты.
Іс-шара шеңберінде, «Бизнес. Инвестициялар. Қазақстан» атты экономикалық брифинг ұйымдастырылды. Қатысушыларына Қазақстандағы экономика әлеуетін, сондай-ақ инвесторларға елдегі қолайлы инвестициялық ахуалдар туралы хабарланды. Атап айтқанда, ҚР-дың заңнамасымен көзделген инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдауға қатысты ережелер туралы, соның ішінде Қазақстанда шетелдіктердің болу тәртібі (визасыз режим), кәсіпкер мен инвесторлар үшін салықтық, кедендік және фискалдық емес артықшылықтар, «инвесторларға қызмет көрсету орталығының» мен инвестициялық омбудсменның іс-қимылдары туралы ақпараттар қатысушыларға жеткізілді.
Оның үстіне, ҚР-дың көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту нәтижелері қатысушыларға жан-жақты жеткізілді. Ең алдымен, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында автожолдарды салу және қайта жаңғырту, Каспий теңізіндегі «Құрық» және «Ақтау» қазақстандық порттарын дамыту жөніндегі ағымдағы жағдайы, теңіз сауда флотын және өзен тасымалдауды дамыту туралы барлық қатысушыларға мәлімденді.
Сонымен бірге, бизнес-брифинг тақырыптарының бірі Қазақстан Республикасының 13 арнайы экономикалық аймағындағы және «Астана» халықаралық қаржы орталығындағы (бұдан әрі - МФЦА) артықшылықтар болды. Осылайша, арнайы экономикалық аймақтардың және МФЦА-ның шеңберінде бизнес жүргізілетін кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қолдау туралы тиісті мәліметтер (инвесторлар үшін салықтық және кедендік артықшылықтар, оңайлатылған валюталық, визалық және еңбек режимдері) және МФЦА-дағы биржаның, тәуелсіз соттың және Халықаралық арбитраж орталығының әрекеттері қатысушыларға егжей-тегжейлі баяндалды.
Сонымен қатар, бизнес-брифингтің арнайы тақырыбы ретінде «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының инвестицияларды тарту жөнінде қызметі болды. Айта кетерлік жайт, брифинг барысында осы акционерлік қоғамның халықаралық қызметі мен Қазақстан экономикасының басым секторлары бойынша (агроөнеркәсіптік кешен, химия мен мұнайхимия, мемлекеттік-жекешелік әріптестік секторы, энергетика мен туризм) ақпарат жарияланды.
Аталған барлық тақырыптар туралы тиісті презентация көрсетілді.
Брифинг соңында Болгарияның кәсіпкерлері мен әлеуетті инвесторлары Қазақстан Республикасына инвестициялау және елімізде түрлі саладағы бірлескен кәсіпорындарды құру үшін шақырылды.
Өз кезегінде, компаниялардың өкілдері мен кәсіпкерлері Қазақстанда бизнесті жүргізу жағдайларына қатысты қызығушылықты білдіріп, құрылыс, IT, сауда, туризм және білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың нақты аспекттерін талқылауға қатысты.