2020 жылғы 30 қаңтарда София қаласында Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшісі Т.Ізбастин Болгария ғылым академиясының төрағасы Юлиан Ревалскимен кездесті.
Сұхбаттасу барысында тараптар Қазақстан мен Болгарияғылым академиялары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар ҚР Елшісі биылғы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өткізілетін іс-шара жоспарларын түсіндірді.
Ю.Ревалски аталған іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсететінін мәлімдеді.