София техникалық университетінде А.Байтұрсынұлының 150-жылдығы аталып өтті

София техникалық университетінде А.Байтұрсынұлының  150-жылдығы аталып өтті

София, 2022 жылғы 5 қыркүйек - София техникалық университетінің қабырғасында Қазақстан Республикасының Елшілігі қазақтың ұлы ұстазы, жазушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150-жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин А.Байтұрсынұлының шығармашылығы мен қызметіне жан-жақты тоқталып, оның қазақ халқының білім деңгейін арттырудағы рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

Іс-шара соңында А.Байтұрсынұлына арналған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, университет басшылығына А.Байтұрсынұлы мен М.Әуезов туралы Елшіліктің болгар тіліне аударған ақпараттық брошюралары табыс етілді.

Өз кезегінде, университет басшылығы А.Байтұрсынұлының шығармашылығын жоғары бағалап, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.