Болгария Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіндегі кездесу туралы

Болгария Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігіндегі кездесу туралы

София, 2022 жылғы 1 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Елшісі Т.Ізбастин Болгария Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрінің міндетін атқарушы Р. Карамфилова-Благовамен кездесті.

Кездесу барысында экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы Хартия шеңберіндегі екі елдің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Анықтама: «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы – бұл бизнеспен, жұртшылықпен және халықаралық ынтымақтастықпен көпжақты әріптестік негізінде елдердің жасыл экономикаға көшуіне арналған Қазақстанның халықаралық экологиялық бастамасы. Әріптестікті ұйымдастыру үшін 2013 жылы Астана қаласында арнайы құжат – «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы туралы Хартияға қол қойылды. Қазіргі уақытта Хартияға 17 ел (Албания, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Финляндия, Черногория, Швеция, Сербия және БАӘ) қол қойды.