Варна еркін университетіндегі кездесу туралы

Варна еркін университетіндегі кездесу туралы

Варна, 2022 жылғы 22 тамыз - Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшісі Т.Ізбастин Варна еркін университетінің Президенті профессор А. Недялковамен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

А.Недялкова қазақстандық университеттермен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық дипломат А.Недялковаға «Орталық Азия инновациялық университетінің құрметті профессоры» атағын беру туралы құжатты табыстады.