Қазақстандық жасөспірімдер еркін және грек-рим күресінен әлем чемпионатының 8 медалін жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер еркін және грек-рим күресінен әлем чемпионатының 8 медалін жеңіп алды

2022 жылғы 15-21 тамыз аралығында Софияда еркін және грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша, біздің балуандар 8 металл жеңіп алды.

Еркін күрестен Мерей Базарбаев (57 кг дейін), Алтын Шағаева (53 кг дейін) Анастасия Панасович (72 кг дейін) және грек-рим күресінен Юсуф Мациев (97 кг дейін) чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанды.

Үшінші орынға еркін күрестен Ілияс Ерболатов (74 кг дейін) пен Мадина Аман (59 кг дейін) және грек-рим күресінен Дін-Мұхаммед Қошқар (67 кг дейін) мен Мақсат Сайлау (87 кг дейін) ие болады.

Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин чемпионаттың ашылу салтанатына шақырылып, жүлдегерлерді марапаттауға рәсіміне қатысты.

Спортшыларымызды құттықтаймыз!