Софияның астаналық кітапханасында Абай шығармашылығымен танысты

Софияның астаналық кітапханасында Абай шығармашылығымен танысты

2022 жылғы 10 тамызда, қазақ ұлтының ұлы ақыны, жаңа ұлттық әдебиеттің негізін қалаушысы – Абай Құнанбайұлының күнінде, Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Т. Ізбастин Софияның астаналық кітапханасының басшылығымен кездесу өткізді.

Әңгіме барысында қазақстандық дипломат Абайдың шығармашылығы туралы егжей-тегжейлі хабардар етіп, оның мұрасы «тек қазақ халқының емес, сондай-ақ халықаралық әдебиеттің құнды байлығы» екендігін атап өтті. Абай кириллицаны қолданған, Лермонтов, Крыловты көп оқып, олардың туындыларын қазақ тіліне аударған.

Сонымен бірге, кітапхана қорына Елшілік болгар тіліне аударған Абай, М.Әуезов және Алаш Орда басшылары туралы брошюралар табысталды.

Өз кезегінде, Софияның астаналық кітапханасының директоры Ю.Цинзова Абай шығармашылығына жоғары бағасын беріп, мәдени-гуманитарлық салада әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.