Ready4Trade-Central Asia жобасы аясында сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстанның ұлттық ақпараттық порталының ресми іске қосылуына арналған салтанатты іс-шара

Ready4Trade-Central Asia жобасы аясында сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстанның ұлттық ақпараттық порталының ресми іске қосылуына арналған салтанатты іс-шара

2022 жылғы 4 шілдеде сағат 14:30-дан 17:30-ға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б.Т.Сұлтановтың төрағалығымен Ready4Trade-Central Asia жобасы аясында сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша Қазақстанның ұлттық ақпараттық порталының (бұдан әрі – СПЖ порталы) ресми іске қосылуына арналған салтанатты іс-шара өтетіндігін хабарлаймыз.

Ұлттық СПЖ порталы - бизнес қауымдастыққа қолдау көрсету мақсатында экспорт, импорт және транзит рәсімдерінің егжей-тегжейлі сипаттамаларын беретін онлайн платформа болып табылады.

Іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі К.Янкаускас пен бірқатар ЕО қатысушы елдердің Қазақстандағы елшілері, Халықаралық сауда орталығының, қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, отандық бизнес-қауымдастықтар мен кәсіпкерлердің өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

Іс-шара аралас форматта өтеді. Қатысушылар Нұр-Сұлтан қ. Сығанақ көшесі 60/1, Шератон Нұр-Сұлтан қонақ үйінің 3-қабатындағы бал залында кездеседі. Сондай-ақ, іс-шара бағдарламасында zoom-сілтемесі арқылы онлайн-трансляция қарастырылған https://intracen.zoom.us/meeting/register/tJYlcOCgrz8jGdWWNEWpFr-Mla0WZa9a3DGe.

Осы іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Іс-шараға қатысу үшін байланысатын тұлғалар:

Джалиль Булатов – ҚР-дағы «Ready4Trade-CА» жобасы, тел. +7 701 9606099, jalil.bulatov@intracen.org; Саят Ашимов - «QazTrade» АҚ, тел. +7 702 1359951, s.ashimov@qaztrade.org.kz.