Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шара

Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған іс-шара

Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай (1992 ж. 5 маусым) Болгария Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында ҚР Елшісі Теміртай Ізбастин мен Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары Васил Георгиев екі ел басшылығының атынан құттықтау хаттарымен алмасудың салтанатты рәсімін өткізді.

Аталған іс-шара аясында осы атаулы күнге арналған фотокөрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары Қазақстан мен Болгария арасында қарым-қатынастарға үлкен табыс және жемісті ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тілек білдірді.