София қаласында "Алаш" қозғалысының қайраткерлері туралы деректі фильмнің көрсетілімі және брошюраның тұсаукесері өтті

София қаласында "Алаш" қозғалысының қайраткерлері туралы деректі фильмнің көрсетілімі және брошюраның тұсаукесері өтті

София, 2022 жылғы 30 мамыр – Болгар журналистері одағының қабырғасында болгар тіліне аударылған "Алаш" ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері туралы деректі фильмнің көрсетілімі және тақырыптық брошюраның тұсаукесері өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин қатысушыларды қарсы алып, Алашорданың қалыптасуы, дамуы мен қызметінің негізгі кезеңдері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Болгарлық көрермендер мен қазақ диаспорасының өкілдері қазақ мемлекеттілігінің іргетасын қалаған ұлы қазақ қайраткерлерінің тарихи миссиясымен танысты.