Республикалық референдум туралы ақпарат

Республикалық референдум туралы ақпарат

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00

дейін) Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы

Елшілігі жанындағы №288 референдум учаскесінде

Қазақстан Республикасының Конституциясына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдумда дауыс беру өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.

Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы №288 референдум учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Болгария аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) sofia@mfa.kz немесе a.meiram88@gmail.com электрондық мекенжайларға «Референдум-2022» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда № 288 референдум комиссиясының келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:

+ 359-2-862-41-52 - референдум комиссиясының хатшысы;

+ 359-2-862-41-70;

+ 359-2-862-41-55.