«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы Конституциялық Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес Орталық референдум комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзірлік пен оны өткізу барысын жария етіп отырады, олардың референдум комиссиялары жанында тіркелген өкілдерінің референдум өткізуге байланысты шараларға баруына кепілдік беріледі.
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады.
- Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 21 маусымдағы № 138 бұйрығымен бекітілген Журналистерді аккредиттеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 6, 7, 8-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Референдум комиссиялары Қағидалардың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеуден бас тартуға құқылы.
- Референдум комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
- Осы қаулы Орталық референдум комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
|
Төраға
|
Н. Әбдіров
|
|
Хатшы
|
М. Ерман
|
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 6 мамыр,
№ 32/484