
2022 жылғы 11 сәуір София – Қазақстанның Елшісі Т.Ізбастин Болгария СІМ "Шығыс Еуропа және Орталық Азия" дирекциясының директоры Д.Ивановамен кездесу өткізіп, оның барысында қазақстан-болгар ынтымақтастығы мен екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдардың өзекті мәселелерін талқылады.
Атап айтқанда, тараптар екіжақты қарым – қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларына жоғары баға беріп, саяси диалогты жандандыру мәселелерін және Қазақстан мен Болгария арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына арналған бірлескен мереке тақырыбын талқылады.