Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Т.Ізбастин Болгар Патриархы және София Митрополиті қасиетті Неофитпен кездесу өткізді

Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Т.Ізбастин Болгар Патриархы және София Митрополиті қасиетті Неофитпен кездесу өткізді

София, 2022 жылғы 29 наурыз - Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Теміртай Ізбастин 2022 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының алдағы VII Съезіне қатысты Болгар Патриархы және София Митрополиті қасиетті Неофитпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Съезге қатысуға шақыру хатын табыстап, Болгар Патриархына Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мен дамытудағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Өз кезегінде Неофит шақыру үшін алғысын білдіріп, оны мұқият қарастыратынын жеткізді.