
2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Т.Ізбастин София қаласының мэрі Й.Фандыковамен кездесті.
Кездесу барысында Т.Ізбастин қала басшысына қазақстан-болгар қарым-қатынастарын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті.
Й.Фандыкова, өз кезегінде, жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, тараптар үшін өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.