
Құрметті азаматтар,
2022 жылғы 7 ақпанда карантиндік шектеулер кезеңінде қолданылатын Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, визасыз режим бар елдердің (57 мемлекет), оның ішінде Болгария азаматтарына халықаралық әуежайлар арқылы Қазақстан Республикасының аумағына кіруге/транзитпен өтуге рұқсат етіледі.
Осылайша, ПТР тесті теріс нәтиже алған (72 сағат жарамды) Болгария азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін қосымша рұқсаттарсыз және визасыз бара алады.
Елге кіру үшін теріс ПТР тесті Болгария азаматтарына және Қазақстан азаматтарына қажет екеніне назар аударамыз.