
2022 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин Благоевград қаласына сапармен барды.
Сапар аясында Елші Т.Ізбастин Благоевград қаласының мэрі И.Стояновпен және қала әкімшілігінің басшылығымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты және білім беру саласындағы өзараәрекеттесуді талқылады. Тараптар Орал және Благоевград бауырлас қалаларының арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
Сапар аясында Оңтүстік-Батыс университетінің басшылығымен, атап айтқанда ректор Б.Юруковпен және проректор И.Дерижанмен кездесу өтіп, оған Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Құрметті профессорының дипломы табыс етілді.
Елші Т.Ізбастин болгар тарапына ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кітапты және бірқатар кітапшаларды табыс етті.