Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен құттықтайды!

Тәуелсіздік күні — ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Тәуелсіздікті алғаннан бері еліміз жоғары қарқынмен жан-жақты дамып, халықаралық аренада салмақты сыртқы саяси бағыты бар беделді әрі тұрақты мемлекет ретінде орнықты.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт мемлекетіміз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін!

Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт-береке, сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!