
2021 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин Златица қаласына сапармен барды.
Сапар аясында Елші Т.Ізбастин Златица общинаның мэрі С.Геновпен және қаланың басқа да уәкілетті тұлғаларымен кездесулер өткізді.
Іс-шара барысында Елші Т.Ізбастин мемлекеттік реформаларды жүргізудегі, әртараптандырылған нарықтық экономика құрудағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделін құрудағы елдің тарихи серпілісінің соңғы үш онжылдығының негізгі кезеңдерін атап өтті.
Іс-шара қонақтары сапардың маңыздылығына назар аударып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктерін атап өтті.
Іс-шара аясында Златица қаласының "Отан үшін қайтыс болған тұлғалар" ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Елші "Христо Смирненски 1889" кітапханасына қазақстандық авторлардың болгар тіліне аударылған кітаптарын сыйға тартты.
Сонымен бірге, Елші болгар тарапына естелік кәдесыйлар мен сыйлықтарды табыс етті.
Тараптар Златица қаласында келесі жылы Қазақстанға арналған фотокөрмені өткізу туралы келісімге келді.