
2021 жылғы 11 қарашада Своге қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған фотокөрме ашылды.
Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин мемлекеттік реформаларды жүргізудегі, әртараптандырылған нарықтық экономика құрудағы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің бірегей моделін құрудағы елдің тарихи серпілісінің соңғы үш онжылдығының негізгі кезеңдерін атап өтті.
Іс-шара қонақтары фотокөрменің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктерін жоғары бағалады.