Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мерекесімен құттықтау

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мерекесімен құттықтау

Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Күнімен құттықтайды!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан тарихына бүкіл қызмет жолында өз халқы, Отаны үшін еңбек етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік деңгейдегі аса көрнекті қайраткер ретінде енді. 

Оның саяси дарыны, күш-қайраты, ерік-жігері, даналығы мен көрегендігінің арқасында біз бүгінгі таңда орнықты мемлекетте өмір сүрудеміз.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетаралық қарым-қатынастарды дамытуға, Қазақстан мен шет елдер арасындағы жан-жақты әріптестік пен достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі шексіз.

Бүкіл Қазақстан халқына денсаулық, бақыт пен бейбітшілік тілейміз! Өркендей беріңіздер, аман-сау болыңыздар!