
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2021 жылғы 1 қыркүйектен 8 қарашаға дейінгі кезең аралығында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық халық санағы өтуде. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 8 қараша аралығында «www.sanaq.gov.kz» сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық санағынан өте алады.
Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «www.sanaq.gov.kz» сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.
Болгариядағы барлық Қазақстан азаматтарын халықтың ұлттық санағынан өтуді сұраймыз.