
Құрметті қазақстандықтар!
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі сіздерді Астана күнімен құттықтайды!
Ширек ғасыр ішінде бұрынғы шет аймақтағы қала экономикалық және мәдени өмірдің орталығы болып, бүкіл әлем туристері баруға ұмтылатын ірі халықаралық іс-шаралар өтетін жерге айналды.
Нұр-Сұлтан – Тәуелсіздіктің, біздің халқымыздың қайта өркендеуі мен рухани көтерілуінің символы. Оның бейбітшілік сүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлық дәстүрлері астасып жатыр, Қазақстан халқының бай мәдениеттері мен өмір салттары ұштасқан.
Біздің жас, бірақ келешегіне батыл қарайтын астанамыз гүлдене берсін, ал әрбір отбасының өмірі қуанышқа, береке-байлық пен ертеңгі күніне деген сенімге толы болсын!
Мерекелеріңізбен, құрметті қазақстандықтар!