
2021 жылғы 15 маусымда ҚР Елшісі Т.Ізбастин Болгарияның Денсаулық сақтау министрі С.Кацаровпен кездесті.
Аталған кездесу барысында Қазақстан мен Болгария арасында деңсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Болгар тарапына Қазақстандағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ пандемия кезеңіндегі денсаулық сақтаудың дамуы туралы айтылды. Бұл ретте, «COVID-19» ауруына қарсы қазақстандық «QazVac» вакцинасы туралы ақпаратты министрге жан-жақты жеткізілді. Сонымен бірге, келіссөздерде болгар тарапына «COVID-19»-ға қарсы вакцинаның толық дозасын алған азаматтарға берілетін вакцинация құжаттарын өзара тануды жүзеге асыру ұсынылды.
Өз кезегінде, министр С.Кацаров ҚР-дың медицина ғылымындағы жетістіктерін оң бағалай отырып, Қазақстанмен денсаулық сақтау саласында белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Тараптар екі елдің медициналық мекемелері арасында байланыс орнатып, тәжірибе алмасу, сондай-ақ бейнеконференция байланысы бойынша кездесулер ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.
Соңында кәдесый өнімдерімен алмасу жүзеге асырылды.