Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай София қаласының "Астана" көшесінің бойына ағаштар отырғызылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай София қаласының "Астана" көшесінің бойына ағаштар отырғызылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, 2021 жылғы 4 маусымда София қ. «Астана» көшесінде София әкімдігінің қолдауымен ҚР Елшілігінің ұйымдастыруымен Платан (Чинар) түріндегі ағаштар отырғызу рәсімі өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстанның Софиядағы Елшілігінің өкілдерімен қатар Әзербайжан, Беларусь, Бельгия, Индия және Палестина Елшілері және Молдова, Сербия және Түркия елшілерінің орынбасарлары, Болгария журналистер одағының төраймы С.Тодорова, «Москва Үйі» директоры Б.Громов, Болгарияның танымал журналисті Г.Вацов, бизнес пен қоғам окілдері және ҚР азаматтары қатысты.

Іс-шарада Елші ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылындағы негізгі жетістіктері туралы баяндама жасады және Қазақстан-Болгария қарым-қатынастарының жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті.

Өз кезегінде, қатысушылар іс-шараға қызығушылық танытып, ағаш отырғызуға және оны суаруға қатысты. Аталған рәсім хаттамалық суретке түсірумен аяқталды.