
2021 жылғы 11 мамырда ҚР Елшісі Т.Ізбастин Варна қаласы және Варна облысы әкімдіктері өкілдерінің, сондай-ақ Варна қаласындағы ҚР Құрметті консулының қатысуымен Варна қаласындағы "Абай" көшесінде тиісті көрсеткіш кестелерді орнатуға қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, "Абай" атауы Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің ұсынысы бойынша 2020 жылы Варна қ. көшелерінің біріне қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 175 жылдығына орай берілген болатын. Варна қаласының әкімшілігі мен қоғамдық кеңесі (мәслихат) тиісті шешім қабылдады.
Көшенің салтанатты ашылуы 2021 жылы Болгария заңнамасына сәйкес ресми рәсімдер аяқталғаннан кейін жоспарланған.