
2021 жылғы 24 мамырда ҚР Елшісі Т.Ізбастин Варна қаласындағы ҚР Құрметті консулы М. Райковтың қатысуымен Болгарияда қаза тапқан Ұлы Отан соғысының қазақстандық сарбазы Колдасов Бердалыны еске алды.
Суворово қаласындағы қабір қайтадан бұталардан тазартылып, жақсы күйге келтірілді.
ҚР Елшілігі Ұлы Отан соғысы кезінде Болгария аумағында жерленген қазақстандық сарбаздардың қабірлері мен жерленген жерлерін қолдауға көмек көрсетуді жалғастырады.