
2021 жылғы 21 наурызда Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі Болгарлық Журналистер Одағымен бірлесіп, "Наурыз" халықаралық мерекесін және Дүниежүзілік поэзия күнін Абай Құнанбайұлы мен "Наурыз" туралы деректі фильмдердің көрсетілімімен атап өтті.
Іс-шараға Болгарлық Журналистер Одағының және Елшіліктің өкілдерінен басқа "Димаш Құдайберген" болгарлық Фан-клубының басшылары мен қызметкерлері, болгарлық мәдени өкілдері және Болгарияда тұратын Қазақстан азаматтары қатысты.
Іс-шарада Болгарлық Журналистері Одағының төрайымы С.Тодорова сөз сөйлей отырып, екі ел халықтары арасындағы мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған Елшілікпен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі Т.Ізбастин қатысушыларға "Наурыз" мерекесінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының жеке басына егжей-тегжейлі тоқталды.
Іс-шараның маңызды аспектісі "Наурыз" және Абай Құнанбайұлы туралы деректі фильмдерді көрсету болды.
Іс-шара соңында қонақтар Болгарияда тұратын Қазақстан азаматтары дайындаған "Наурыз көже" дәстүрлі сорпасымен және басқа да ұлттық тағамдармен танысты.