
2021 жылғы 18 наурызда бейнеконференция форматында қазақстандық "DAMU" қоры мен Болгария экономика министрлігінің Шағын және орта кәсіпорындар жөніндегі Атқарушы Агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан-Болгар бизнес-форумы өтті.
Іс-шараға Қазақстанның Болгариядағы Елшілігінің, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің, "DAMU" қорының, "Kazakh Invest "ҰК" АҚ-тың, Болгария экономика министрлігінің және аталған Атқарушы агенттігінің өкілдері, қазақстандық және болгарлық кәсіпкерлер қатысты.
Іс-шара барысында қазақстандық "DAMU" қоры мен Болгария экономика министрлігінің Шағын және орта кәсіпорындар жөніндегі Атқарушы Агенттігі арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, форумда Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Болгария Республикасының экономикалық және инвестициялық әлеуетінің презентациялары көрсетілді.
Форум соңында қазақстандық және болгарлық кәсіпкерлер арасында ынтымақтастық орнату үшін арнайы екіжақты және көпжақты сессиялар өтті.