Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және «Наурыз» мерекесіне орай фотокөрме

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және «Наурыз» мерекесіне орай фотокөрме

Бүгін, ү.ж. 17 наурызда Болгарияның Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және «Наурыз» мерекесіне орай фотокөрмесінің ресми ашылуы өткізілгендігін хабарлаймыз.

Аталған іс-шараға Болгарияның Сыртқы істер министрінің орынбасары М.Люцканов, БР СІМ жанындағы Мәдени орталығының директоры С.Йовева, Болгария Республикасында аккредиттелген дипломатиялық миссиялары басшылары мен дипломаттары, Болгария телеграфтық агенттігінің басшысы К.Вылчев, іскер және сарапшы топтардың өкілдері, сондай-ақ БАҚ өкілдері және Болгария мен Қазақстан азаматтары қатысты.

ҚР Елшісі өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы дамуының маңызды аспектерін және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қазіргі демократиялық реформаларын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Елшісі қатысушыларды келе жатқан «Наурыз» мерекесімен құттықтап, осы мерекенің әдет-ғұрыпы мен салт-дәстүрі туралы ақпаратты оларға жеткізді.

Өз кезегінде, министр орынбасары М.Люцканов сөз сөйлеу барысында Қазақстан мен Болгария арасындағы ынтымақтастығы жоғары деңгейінде дамып жатқандығын хабарлай отырып, ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылындағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Сонымен қатар, іс-шарада С.Йовева да сөз сөйледі. Жалпы, қатысушылар фотокөрмеге қызығушылық білдіріп, оны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Іс-шара аясында Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уалиханұлы туралы болгар тіліндегі брошюралар, Әл-Фараби туралы кітап және фильм қатысушыларға таратылды.

Аталған фотокөрме ү.ж. 2 сәуірге дейін жұмыс істейді. Эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау қажеттілігіне байланысты фотокөрмеге бару 0886966416 телефоны бойынша алдын ала тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.