
Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу туралы (қаулыдан үзінді).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 9, 12, 44, 94, 94-1, 97, 97-1-баптарына сәйкес, қоса беріліп отырған облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық сайлау комиссияларының партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының және Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясының Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Партиялық тізімдер бойынша сайлау қорытындылары белгіленсін:
Қазақстан Республикасы бойынша
Қазақстан Халық партиясы - 659019 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 9,10 проценті;
«Nur Otan» партиясы - 5148074 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,09 проценті;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 383023 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 5,29 проценті;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 792828 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,95 проценті;
«ADAL» саяси партиясы - 258618 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,57 проценті;
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының жеті және одан көп процентін алған саяси партиялар белгіленсін:
«Nur Otan» партиясы – 5148074 (71,09%);
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 792828 (10,95%);
Қазақстан Халық партиясы – 659019 (9,10%).
3. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:
«Nur Otan» партиясы – 76;
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 12;
Қазақстан Халық партиясы – 10.
6. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы
Б. Имашев
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы
С. Мұстафина
Нұр-Сұлтан қаласы
2021 жылғы 12 қаңтар
№ 60/395