
Сіздерді Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жаңа 2021 жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Құрметті сайлаушылар - ҚР азаматтары!
2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқаны аясында партиялық тізім негізінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеуді аяқтағанын хабарлаймыз.
ҚР ОСК бес саяси партияны партиялар тізіміне тіркеді, барлығы 312 кандидат тіркелді: «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 19 адам; «NurOtan»партиясы - 126 адам; «ADAL»Саяси партиясы - 16 адам; «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы - 38 адам; «Қазақстан Халық партиясы» - 113 адам.
Сайлау алдындағы бағдарламалары мен саяси партиялар кандидаттарының тізімі туралы мәліметтері бар кестемен қосымшада танысуға болады.
Атап өтерлігі, сайлаушылар тізімінен өзіңізді тексеру үшін Елшіліктің телефоны +359 2 862 41 52 бойынша және sofia@mfa.kz электрондық пошта арқылы біле аласыз.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау 10 қаңтар 2021 жылы София қаласы, Св.Св. Кирил и Методий 37 мекенжайында, № 288 сайлау учаскесінде, жергілікті уақыт бойынша 7.00-ден 20.00-ге дейін өтеді.
Қосымша
2021 жылғы 10 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына қатысатын партиялар тізімі.
|
№
|
Партия атауы |
Сайт |
Сайлауалды бағдарлама |
Кандидаттар тізімі |
|
1 |
«Adal» |
|
https://adalpartiyasy.kz/program
|
https://www.inform.kz/ru/partiya-adal-opredelila-spisok-kandidatov-v-deputaty-mazhilisa_a3720625
|
|
2 |
«Ақ-жол» |
|
https://akzhol.kz/ru/vystwplenie-a-perwasheva-po-proektw-predvybornoj-programmy-na-xvi-sezde-partii/
|
https://akzhol.kz/ru/migrated_3120/
|
|
3 |
«Ауыл» |
|
|
https://auyl.kz/news/11vruchenieudostoverenii/
|
|
4 |
«Нұр-Отан» |
|
https://nurotan.kz/election-toqaev?lang=ru
|
https://www.zakon.kz/5048860-opublikovan-polnyy-spisok-kandidatov-v.html
|
|
5 |
Қазақстан халық партиясы (бұрынғы Қазақстан коммунистік халық партиясы). |
https://comparty.kz/author/central?lang=ru
|
|
|