Қазақ тілін үйренуге арналған ашық білім беру онлайн-платформасы әзірленді

Қазақ тілін үйренуге арналған ашық білім беру онлайн-платформасы әзірленді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін танымал ету мақсатында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми - практикалық орталығы жанынан «Абай институты» қазақ тілінде ашық білім беру онлайн-платформасын әзірлегені жөнінде хабарлаймыз.

Абай институты аясында қазақ тілін оқыту алаңы https://abai.institute порталы арқылы іске асады. Порталда шетелдердегі диаспора үшін қазақ тілін үйрету мазмұны қалыптастырылады. Әрбір тіл үйренушіге өзінің жеке кабинетін ашуға мүмкіндік жасалады. Сонымен қатар Абай институты арқылы ағылшын, неміс, парсы, түрік, орыс тілдерінде Қазақстанның тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, дәстүрі, халқы, табиғаты, тарихи тұлғалары, адам капиталы туралы ақпараттар ұсынылады.