ҚР Елшісі Т.Ізбастин Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы А.Андреевпен кездесті

ҚР Елшісі Т.Ізбастин Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы А.Андреевпен кездесті

2020 жылғы 29 қазанда ҚР Елшісі Т.Ізбастин және Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы А.Андреев арасындағы кездесу өткізілді.

Кездесу барысында, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің сайлауына қатысты ақпараттар, сондай-ақ Қазақстандағы қазіргі саяси реформалар туралы ақпараттар және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының маңызды аспекттері А.Андреевқа жаң-жақты жеткізілді. Өз кезегінде, тараптар Қазақстан мен Болгария арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамып жатқандығын
атап өтті.

Сонымен қатар, сұхбат кезінде 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауына ҚР Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Б.Имашевтың Болгарияның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы А.Андреевтың атына халықаралық байқаушы ретінде қатысу үшін арнайы шақыру хатты жеткізілді.

Кездесу соныңда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының болгар тіліндегі брошюрасы А.Андреевқа тапсырылды.