
Қазақстан Республикасы Болгария Республикасындағы Елшілігінің
ҮНДЕУІ
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!
2021 жылғы 10 қаңтар
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы
Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Сіз Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға құқығыңыз бар.
Сіздің сайлаушылар тізімдерінде болуыңыз сайлауға қатысуға конституциялық құқығыңыздың кепілі болып табылады.
Сайлаушылар тiзiмдерiне Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесi бойынша Болгария Республикасында тұратын немесе ұзақ мерзiмдi шетелдiк iссапарда жүрген әрi Қазақстанның жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгiзiледi.
Болгарияға жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Қазақстан азаматтары Елшілікке (төменде мекен-жайы берілген) өтініш жасаған жағдайда және олардың Қазақстан Республикасы азаматы деген жарамды паспорты болса, сайлаушылар тiзiмiне енгізіледi.
Құрметті сайлаушы! Құқықтық сауаттылық танытыңыз және өзіңіздің сайлау құқығыңызды іске асырыңыз! Өзіңізді сайлаушылар тізіміне енгізу бойынша заңды маңызды әрекеттерді уақтылы қабылдауыңыз қажет (Елшіліктің байланыстары қоса беріледі).
2021 жылғы 5 қаңтардан бастап Сізге өз сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінен өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі.
Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі жанындағы Сайлау учаскесi
Мекенжай: София қаласы, Св. св. Кирил и Методий көшесі, 37 (картада)
Байланыстар:
Консулдық мәселелер және сайлаушылар тізімін құру:
+359-2-862-41-52, e-mail: a.alipov@mfa.kz и kazconsulsofia@gmail.com
Сайлау бойынша жалпы ұйымдастыру мәселелері:
+359-2-862-41-70, +359-2-862-41-55
e-mail: sofia@mfa.kz и k.vorobyov@mfa.kz