Қазақстан мен Болгария арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізілді

Қазақстан мен Болгария арасындағы одан әрі ынтымақтастық туралы келіссөздер өткізілді

2020 жылғы 8 қазанда Братиславада Globsec форумы шеңберінде Қазақстан Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді мен Болгария Вице-премьері және Сыртқы істер министрі Е.Захариева арасында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, соның ішінде елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын 2020 жылдың соңына дейін немесе 2021 жылдың басында өткізу басымдық болып қала беруде. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту үшін бейнеконференция байланысы форматында бизнес-форумды ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.