Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

2015ж. 10 қарашадағы мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келісім осы саладағы өзара ынтымақтастықтың негізі болып табылады.

Болгарияда 3 қазақ мәдени орталығы:

1) «Әулие Климент Охридский» София университетінің «Түркітану мен алтайтану» кафедрасындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениет орталығы (2015 ж. бастап);

2) София техникалық университеті жанындағы «Абай» мәдени-танымдылық орталығы (2018 ж. бастап);

3) «Әулие Климент Охридский» София университетінің жанындағы «Әл-Фараби» ғылыми-білім беру және мәдени орталығы (2018 ж. бастап) жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Қазақ әдебиеті бұрыштары София орталық кітапханасында (2017 ж.) және «Әулие Кирил және Методий» Ұлттық кітапханасында (2022 ж.) ашылды. 

Қазақстан Астанасының 20 жылдығына орай, София қаласы қоғамдық кеңесінің 2018 ж. 15 наурыздағы №167 шешімімен Болгария елордасы көшелерінің біріне «Астана» атауы берілді. Оның салтанатты ашылуы 2018 ж. 28 желтоқсанда өтті.

2020 ж. 10 тамызында А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Свети Влас қаласында Абайдың барельефі ресми түрде ашылды.

2020 ж. 29 қыркүйекте Варна қауымдық кеңесі (мәслихаты) қалалық көшелердің біріне «Абай» атауын беру туралы №393-4-2 шешімін қабылдады.

2020 ж. 19 қарашада А. Құнанбаевтың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай, жаңадан шығарылған жеке пошталық маркасының тұсаукесері және Ж.Алтаевтың Әл-Фараби туралы болгар тілінде жазылған жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

1995 ж. Қазақстанның Павлодар қаласында болгар этномәдени орталығы құрылды. ҚР аумағында көптеген этномәдени қоғамдық бірлестіктер: Ақтөбе облысында «Вяра», Астанада «Злата», Павлодар облысында «Славяне», Атырау облысында «Возрождение» тіркелген.

Павлодар облысында К.Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің Болгар бөлімі табысты жұмыс істеуде.

ҚР және РБ жоғары оқу орындары (ЖОО) бірлескен ынтымақтастықты ұйымдастырады, соның арқасында Болгарияның София, Варна, Пловдив, Бургас, Благоевград, Русе және Стара-Загора ЖОО-ларында қазақстандық студенттер (59) білім алуда.

2021 ж. 27 қазанда Әлихан Бөкейханов университеті мен Техникалық университет өзара түсіністік туралы жаңартылған Меморандумға қол қойды (қазақстандық жоғары оқу орнының атауын өзгертуге байланысты).

Павлодар қаласының әкімі А.Байханов бастаған әкімдік делегациясының Бургасқа сапары аясында 2022 ж. 21-24 қыркүйекте Торайғыров университеті мен Бургас еркін университеті, сондай-ақ Торайғыровуниверситетімен профессор А.Златазаров атындағы университет арасында өзара түсіністік туралы Меморандумдарға қол қойылды.

2023 ж. 8 маусымда «Астана» Халықаралық форумының» аясында «ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ пен Болгария Ғылым академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2023ж. 18 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен «Әулие Климент Охридский» София университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

2024 ж. 27 мамырда Satbayev University және София Техникалық университетінің қатысуымен ұлы қазақ ғалымы, геолог, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізілді, нәтижесінде Қазақстан мен Болгарияның жетекші ғылыми-зерттеу орталықтары арасында ынтымақтастық орнатылды.

2024 ж. 23 қазанда Софиядағы Г.С.Уланова атындағы жеке тіл мектебі-лицейінде болгар тілінде «Қазақ халық ертегілері» жинағының таныстырылымы өтті.

Дата публикации
03 февраля 2020
Дата обновления
20 августа 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
19 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру
19 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары