Болгария Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ел ретінде көреді. Ал Қазақстан Болгарияны Балқандағы транзиттік энергия орталығы ретінде және ЕО көлік жобаларындағы байланысы ретінде қызығушылығымен қарайды. Болгария Еуропалық Одақтың сыртқы шекарасында орналасқан мемлекет бола отырып, Болгарияның 2007 жылы ЕО-ға кіргеннен бері сауда-экономикалық әріптес ретінде маңыздылығы өсті.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша екі жақты тауар айналымы 2020 ж. 244,5 млн. долл. құрады: қазақстандық экспорт-207,5 млн., импорт-37 млн. 2021 ж. – 390,8 млн. долл. (+60%): қазақстандық экспорт – 355 млн., импорт-35,8 млн. 2022 ж. - 181,3 млн. долл. (-53,6%): қазақстандық экспорт – 142,4 млн., импорт – 38,9 млн.
2005 ж. бастап 2022 ж. 3-тоқсанға дейін Болгариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 61,7 млн. долл. құрады (2021 ж. - 5,9 млн. долл., 2022 ж. 3-тоқсан – 6,0 млн.долл.).
2005 ж. бастап 2022 ж. 3-тоқсанға дейін Қазақстаннан БР-ға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 12,6 млн.долл. құрады (0,3 млн. долл. 2021 ж. үшін; 2022 ж. – тіркелген жоқ).
2023 ж. 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда болгар капиталының қатысуымен 121 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 74. Олар көтерме сауда және көлік жөндеу (25), өңдеу өнеркәсібі (5), құрылыс (5), ТМК (4), сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет (12), әкімшілік (7) және т.б. салаларда жұмыс істейді.
Аймақаралық қатынастар.
2016 жылғы 17 маусым – Орал қаласының әкімдігі мен Благоевград қаласының мэриясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (егіз қалалар).
2022 жылғы 22 қыркүйек – Павлодар қаласының әкімдігі мен Бургас қаласының мэриясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (егіз қалалар).
Қазақстан Республикасының Шымкент қаласы мен Болгария Республикасының Пловдив қаласы арасындағы егіздік туралы меморандум пысықталуда (2022 жылғы 25 тамыздан бастап болгар тарапының қарауында).
Үкіметаралық комиссия.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссия (ҮАК) экономикалық саладағы өзара іс-қимылдың маңызды тетігі болып табылады. Осы уақытқа дейін ҮАК 4 отырысы өткізілді (бірінші, екінші – 2004 ж. дейін, үшінші – 2014 ж. және төртінші – 2016 ж.). Тең төрағалары – Қазақстан тарапынан – Ұлттық экономика министрі А.Қуантыров, болгар тарапынан- контрсеріктестің шешімі күтілуде.
ҮАК-тің бірінші отырысы 1998 жылғы 12-13 наурызда Софияда өтті, ал екінші отырыс 2004 жылғы 10 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылды. Болгария 2007 жылы Еуропалық Одағына кіруіне байланысты экономикалық ынтымақтастық туралы Келісім Болгария тарапынан күші жойылды, ал ҮАК уақытша тоқтатылды. Дегенмен 2011 жылы экономикалық ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойылып, 2012 жылғы 13 қыркүйекте күшіне енді.
2014 ж. 24-25 наурызда София қ. Қазақстан-Болгар ҮАК-тің үшінші отырысы өтті. Қазақстан делегациясын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-Министрі К.Абсаттаров, ал болгар тарапын БР Өңірлік даму министрі Д.Терзиева басшылықтарымен өтті. Бұл отырыста екі елдің үкімет және іскер топтарының өкілдері қатысты.
2016 ж. 9-10 маусымда ҮАК-тің төртінші отырысы Нұр-Сұлтанда өтті. ҚР делегациясын ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дуйсенова, ал болгар делегациясын БР Өңірлік даму министрі Л.Павлова басқарды. Аталған Комиссия отырысында сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы, спорт саласындағы ынтымақтастық және құқықтық базаны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар екі жақты теміржол және көліктік ынтымақтастықты дамыту мақсатында ЕООД «БДЖ-Грузовые перевозки» және «KTZ Express» АҚ арасындағы ынтымақтастығы және өзара әрекеті туралы меморандумға қол қойылды.
Алдағы уақытта София қаласында ҮАК-тің 5-ші отырысын өткізу жоспарлануда.